"Бастан аяқ оқыған жоқпын": ҰҚК бұрынғы төрағасы Жаңа Конституция жобасына қатысты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:37
- 46
ҰҚК бұрынғы төрағасы, Амангелді Шабдарбаев Конституция жобасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ulysmedia сайтына сілтеме жасап.
Шабдарбаев Алматыдағы №388 референдум учаскесінде дауыс берді. Ол “Жаңа Конституция” жобасын толық оқымағанын, бірақ қолдайтынын айтты.
«Бір жерде тұрмау керек. Қайта-қайта ауыстырып жатырмыз дейді ғой. Өзгерістер болуы керек. Бірақ Конституцияны қайта-қайта өзгерте бермей, халықтың жағдайы дұрыс болып, қызмет істеп жүрген азаматтардың бәрі таза болса, басқа ештеңе керегі жоқ. Білімді, заңға бағынатын адам болуы керек. Біріншіден, мен тік айтамын. Екіншіден, өз ойымды жеткізу үшін сендерге түсіндіріп айту керек. Ал сендер менің сөзімді кесіп тастайсыңдар», – дейді Шабдарбаев.
Ол журналистің “Назарбаевтың тұсында қабылданған 1995 жылғы Конституцияның орнына Жаңа Конституция қабылдап жатқанын қалай қабылдадыңыз?” деген сұраққа нақты жауап бере алмады.
«Өзгерту керек, өзгерткені дұрыс. Президентке қарамау керек. Ол үшін өзгертпейді. Мен жаңа Конституция жобасын бастан аяқ оқыған жоқпын. Бірақ қабылдап, өзім келіп тұрмын», – дейді ол.
Айта кетек, Амангелді Шабдарбаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серіктерінің бірі болған.




