Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қадір түнін қалай өткізген дұрыс?

Қадір түнін қалай өткізген дұрыс?
Сурет: ашық дереккөздерден
Қадір түнінде мұсылмандар Құран оқып, ұзақ дұғалар жасайды.

Қадір түні – ислам дініндегі ең қасиетті түндердің бірі. Бұл түн Рамазан айының соңғы он күнінің жұма, жұмаға жақын сәресі түндерінде болады деп есептеледі. Қадір түні құлшылық пен дұға жасау арқылы рухани тазалыққа жетуге, күнәлардан кешірім сұрауға және Алланың разылығына кенелуге ерекше мүмкіндік береді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Рамазан айында мың айдан артық бір түн бар. Кім оның жақсылығынан мақұрым қалған болса, шын мәнінде көп нәрседен мақұрым болған», деген.

Дін өкілдерінің мәлімдеуінше Қадір түнінде маңызды сауапты істерді мейлінше көбірек жасау қажет. 

1. Намаз және құлшылық

Қадір түнінде ең маңызды амал – нафіл намаз (сүннет намаздары) оқу. Мұсылмандар бұл түнде жиі Құран оқып, Алланы еске алып, ұзақ дұғалар жасайды. Таң намазына дейінгі уақытты мүмкіндігінше құдайға арнап өткізу ұсынылады.

2. Құран оқу

Бұл түн – Құранмен сусындау уақыты. Мұсылмандар Құран аяттарын оқып, мағынасын түсінуге тырысады. Қадір түні оқылған Құранның сауабы басқа кездерге қарағанда әлдеқайда үлкен болады.

3. Дұға жасау

Қадір түні – кешірім сұрап, жақсылыққа ұмтылу, туыстар мен көршілер үшін дұға ету уақыты. Кішігірім дұғадан бастап, жүректен шыққан тілек пен шынайы ниет маңызды.

4. Қайырымдылық

Қайырымдылық жасау, мұқтаждарға қол ұшын беру – Қадір түні қасиетті амалдардың бірі. Бұл тек мал мен зат беру ғана емес, жүректен шыққан ізгі ниет пен қолдауды білдіреді.

5. Рухани ой мен өз-өзіңді түзету

Қадір түні – өз-өзіңді тексеріп, өткен күндерді ой елегінен өткізу үшін де маңызды. Күнәлардан кешірім сұрап, болашаққа жақсылық пен ізгілікке ұмтылу қажет.

Қадір түні – әр мұсылман үшін рухани өсу, тыныштыққа бөлену және Алланың разылығына кенелу уақыты. Осы амалдарды орындау арқылы мұсылман қауым 83 жылдық сауапқа тең берекелі түнді тиімді өткізе алады. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар