Мәдениет

Сот әнші Рахат Тұрлыхановтың ісін прокурорға жолдаған

Рахат Тұрлыхановтың ісі прокурорға және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына жолданды.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты әнші Рахат Тұрлыхановтың ісін тергеу органдарына жолдады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Соттың баспасөз қызметі жазғандай, Тұрлыхановтың бірінші ісі Әкімшілік кодекстің 73-бабы 1-бөлігі бойынша қаралған.

«Хаттамаға сәйкес, Тұрлыханов үйінде бола тұрып жұбайымен жанжал шығарып, жанжал барысында оны қорлап, қорқытып, айқайлап, үйдегі тыныштықты бұзған», - деп хабарлайды Алматы соттары.

Сот Тұрлыхановтың әйелінің полицияға түсірген арызын ескере отырып, қылмыстық бап бойынша жазаланатын әрекеттің бар-жоғын тексеру үшін прокурорға және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына жолданды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, Рахат Тұрлыханов әйелін ұрды деген күдікпен ұсталған болатын.