Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша әуе рейстері ашылады
Наурыз айындағы мерекелік күндер қарсаңында қазақстандық әуекомпаниялар ішкі рейстер санын көбейтеді.
Наурыз мейрамына орай қазақстандық әуекомпаниялар қосымша 160 рейс орындайды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ведомствоның мәліметінше, наурыз айындағы мерекелік күндер қарсаңында қазақстандық әуекомпаниялар ішкі рейстер санын көбейтіп жатыр.
Мысалы, Air Astana және FlyArystan 2026 жылғы 16-29 наурыз аралығында ел ішіндегі сұранысқа ие бағыттар бойынша қосымша 146 рейс ұйымдастырады. Оның 80-і Алматы – Астана бағытына тиесілі.
Жолаушыларға әуекомпанияларының ресми сайттарынан қосымша рейстер туралы ақпаратты алдын ала тексеріп, билеттерді ертерек рәсімдеу ұсынылады.