Атырау облысында бір отбасын өлтірді деген күдіктіге тағы бір айып тағылды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 08:26
- 36
Атырау облысы Жангелдин ауылында бір отбасын қатыгездікпен өлтірді күдіктіге тағылған айыптар тізіміне тағы бір бап қосылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты енді Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша тергеу жүргізілуде:
- 99-баптың 2-бөлігі – «Екі немесе одан да көп адамды өлтіру»;
- 188-баптың 2-бөлігі – «Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған ұрлық».
«Атырау облысының полиция департаменті адам өлтіру фактілері, сондай-ақ олардың мүлкін ұрлау деректері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қылмыстық іс бойынша күдікті ұсталды және оған қатысты соттың санкциясымен қамауда ұстау шарасы таңдалды», – деп атап өтті ІІМ.
Ведомство сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын мәлімдеді. Алайда күдіктінің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның әрекеттеріне құқықтық баға әлі берілген жоқ.
Еске салайық, Атырауда бір отбасы мүшелері жоғалып кеткен болатын. Жақындары мәлімдеме жасап, үйдегі жағдайға қарағанда, адамдар ұзақ уақытқа кетуді жоспарламағандай көрінетінін айтқан.
6 қаңтар күні кешке Атырау облысы полиция департаменті отбасының әкесі мен анасының мәйіттері шаруашылық құрылыстан табылғанын хабарлады. Сондай-ақ қараша айында марқұмдардың кенже қызының көрші аудандағы жанармай құю бекетінде бейнебақылау камерасына түскені анықталған. Мәйіттер табылғаннан кейін тергеу қаза тапқандардың күйеу баласының қылмысқа қатысы болуы мүмкін екенін тексере бастаған.



