Қоғам

Елімізде алдағы күндері +23 градусқа дейін күн жылиды

Қазақстанның кейбір бөлігінде жаңбыр жауып, тұман түсуі мүмкін.

"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қазақстанның басым бөлігінде ашық әрі жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бұл алдағы уақытта ауа температурасының көтерілуіне оң әсерін тигізеді.

"Тек кей күндері еліміздің солтүстігінде, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, жел күшейеді деп күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады", - деді синоптиктер.

Күндіз ауа температурасы еліміздің батысында 10-20 градусқа дейін, солтүстігі мен орталығында 5-17 градусқа дейін, оңтүстігінде 15-23 градусқа дейін жылынады.

Айта кетсек, синоптиктер 2026 жылдың наурыз айы ауа райы жылы болатынын және елдің басым бөлігінде жауын-шашын күтілетінін болжайды.

Ауа райы тұрақсыз болады деп күтіледі: солтүстікте - қар жауып, боран соғады, оңтүстік пен батыста - жаңбыр мен жылбысқы қар жауады. Температура жалпы алғанда климаттық нормадан шамамен 1 градусқа жоғары болады, сонымен қатар суық күндер де болуы мүмкін.