Санжар Боқаев ұсталды
Санжар Боқаев Алматы қаласының аумағында ұсталды.
Алматыда қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды. Оған алаяқтық пен ақша жымқырды деген айып тағылуда, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бас прокуратураның мәліметінше, ол Алматы қаласының аумағында ұсталған.
Сондай-ақ, ол аса ірі мөлшерде қаржы қаражатын алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке ілінуде
Санжар Боқаев – желіде мемлекет бюджеті мен олардың қалай жұмсалып жатқаны туралы айтқан қоғам белсендісі.