Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Аванспен берген шығар»: Ринат Зайыт мемлекеттік награданы не үшін алғаны туралы айтты

«Аванспен берген шығар»: Ринат Зайыт мемлекеттік награданы не үшін алғаны туралы айтты
Фото: Ақорда
Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт Президент қолынан алған мемлекеттік наградасына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Kyn.kz.

Халық қалаулысы бұл марапатты алдағы уақытта атқарылатын істерге берілген сенім ретінде қабылдайтынын жеткізді.

Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев билік тармақтарының басшылары мен Үкімет мүшелерін марапаттаған болатын. Награда иегерлерінің қатарында Ерлан Қарин, Мәулен Әшімбаев, Олжас Бектенов, Аида Балаева, Айдос Сарым мен Ринат Зайыт та бар.

Депутат марапаттың нақты не үшін берілгенінен хабарсыз екенін айтып, бұл шешімге қатысты өз ойын былайша өрбітті:

«Білмеймін. Өзім де ойландым кеше. Аванспен берген шығар деп ойладым. Түбінде мәдениет саласына қайраткерлік жасайды деп. Бірдеңе үшін берсе, демек әрекет жасауым керек».

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар