Қызылордада лауазымды тұлға жалған құжат жасағаны үшін сотталды
- автор kyn.kz
- Бүгін, 12:09
- 53
Прокуратураның тексеруі барысында Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде қызмет атқаратын лауазымды тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны анықталды. Атап айтқанда, Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы әкімшілік құқық бұзғаны үшін 15 тәулікке қамалды.
Алайда, ол жұмыста болмағанын жасыру және бұл үзілісті заңдастыру мақсатында басшылыққа жалған уақытша еңбекке жарамсыздық парағын тапсырған.
Тергеу барысында құжаттың жалған екені және оны Сырдария аудандық ауруханасының дәрігері дайындағаны белгілі болды. Прокурорлық тексеру материалдары негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, іс сотқа жолданды.
Сот үкімі бойынша аудандық аурухананың дәрігері жалған құжат дайындағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бостандығы шектелді.



