“Ата-аналарын жиі сұрайды”: Сұлтан Сәрсемалиев пен жұбайы Ақбаянның балаларының жағдайы белгілі болды
Атырау облысындағы отбасының өліміне күдікті деп танылған Сұлтан Сәрсемалиев пен әйелінің балалары мемлекеттің қамқорлығына алынған болатын.
Атырау облысында бір отбасының өліміне күдікті ретінде танылған Сұлтан Сәрсемалиев пен жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның балаларының жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ерлі-зайыптылардың бес баласы мемлекеттік қамқорлыққа алынған болатын. Қазір олардың үшеуі бейімдеу орталығында болса, бір және үш жасар екі кішкентай балалар үйіне орналастырылған.
Мамандардың айтуынша, балалардың жағдайы тұрақты.
Журналист Жұлдыз Тілеуханның жазуынша, оларға ата-әжелері келіп тұрады. Алайда анасының туыстары тарапынан әзірге ешқандай байланыс болмаған.
Балалар ата-аналарын жиі сұрап, үйлеріне қайтқысы келетін көрінеді.