Қоғам

Трамп Тоқаевқа хат жазды

Тоқаевтың атына Трамптан хат келіп түсті. АҚШ президенті Мемлекет басшысын тағы екі шараға шақырды, деп хабарлайды Kyn.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

“Америка көшбасшысы ақпан айында Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы жиыны аясындағы Қазақстан Президентімен кездесуді ықыласпен еске алды. 

Құрама Штаттардың Президенті Мемлекет басшысын Бейбітшілік кеңесінің келесі отырысында және жыл соңына қарай Майамиде өтетін G20 саммитінде күтетінін жеткізді”, - делінген хабарламада.