Қоғам

Жәрдемақылар өсе ме?: Еңбек вице-министрі жауап берді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі жәрдемақы төлемдері инфляция деңгейіне сәйкес есептелетінін айтты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты жәрдемақыларды арттыру мәселесі қазір қарастырылмайтынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Виктория Шегайдың сөзінше, Еңбек министрлігі арқылы республикалық бюджет есебінен төленетін барлық жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер жыл сайын болжамды инфляция деңгейіне сәйкес есептеледі. 

“Қазір елдегі қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты жәрдемақыларды арттыру мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Алайда қаржы-экономикалық блоктың қолдауы болған жағдайда, бұл мәселені қайта қарауға дайынбыз”, – деді Виктория Шегай.