Басты жаңалықтар

Наурыз мейрамы: Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға үндеу жасады

Мерекелік іс-шаралар кезінде көпшілікке улану мен инфекциялық ауруларадың алдын алу туралы талаптарды сақтау қажеттігі ескертілді.

Денсаулық сақтау министрлігі Наурыз мейрамына байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Министрлік ата-аналарға бірқатар талапты сақтау қажеттігін ескертті.

"Мерекеге дайындық барысында халық жаппай азық-түлік сатып алады, ата-аналар балабақшалар мен мектептерге тағам апарады, қалалар мен елді мекендерде жәрмеңкелер ұйымдастырылады.

Мерекелік іс-шаралар кезінде тағамнан улану мен инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында бірқатар талаптарды сақтау қажет", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты ведомство мына талатаптарды ескеруге шақырады.

Іс-шараларды ұйымдастырушылар мен қатысушыларға:

  • іс-шаралар кестесін құрып, аумақтар бойынша бөліп, қатысушылар санын алдын ала жоспарлау;
  • адамдардың жаппай шоғырлануына жол бермеу;
  • тағам өнімдерін дайындау және өткізу кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау;
  • үй жағдайында дайындалған өнімдерді сатуға тыйым салу;
  • сатушылар мен қызмет көрсетуші персоналды арнайы киіммен қамтамасыз ету, санитариялық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету;
  • тез бұзылатын өнімдерді сату кезінде жеткілікті мөлшерде тоңазытқыш жабдықтарымен және бір рет қолданылатын ыдыспен қамтамасыз ету;
  • белгісіз жеткізушілерден алынған үй жағдайында дайындалған өнімдерді (наурыз көже, айран және т.б.) сатуға жол бермеу;
  • өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуын қамтамасыз ету.

Халыққа арналған жадынама:

  • қауіпсіз тағам өнімдерін таңдау. Ата-аналар балаларға берілетін тағамның жас ерекшеліктеріне сай болуына ерекше көңіл бөлу;
  • жарақаттанудың алдын алу үшін, әсіресе балалармен бірге, адамдар көп жиналатын орындардан (алтыбақан, спорттық жарыстар) аулақ болуға тырысу.

Ұйымдастырылған ұжымдарда (мектептер, балабақшалар): ата-аналар қауымы мен білім беру ұйымдарының әкімшілігі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сақтау талаптары мен мерзімі сақталмаған жағдайда жаппай улануға әкелуі мүмкін үй жағдайында дайындалған өнімдерді тұтынуға тыйым салуы қажет.