«Өз балаларынан бас тартты»: Шавкат Рахмоновтың әйелі спортшымен ажырасып кеткенін мәлімдеді
Гүлайым Рахмонова желідегі парақшасында күтпеген мәлімдеме жасады.
Шавкат Рахмоновтың әйелі Гүлайым Рахмонова күйеуімен ажырасып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы желідегі парақшасында жазды.
"Балалар ажырасқаннан кейін анасына ғана керек. Бүгін ол бәрібір аналарына ұқсап кетеді деп өз балаларынан бас тартты... Соншалықты қамқор әкенің бір күннің ішінде өзгеріп балаларын керек етпей қалады деп ешқашан ойламаған едім. Иә, мен 4 бала дүниеге әкелдім және бесіншісін күтіп отырмын. Қызығы мен өте көп туады екенмін. Не деймін? Әкесіне баласы керек болмаса балаға да әкесі енді керек емес! Маған Алла балаларымды аяққа тұрғызу үшін күш-қуат берсін", - деп жазды ол.
Айта кетсек, Гүлайым Рахмонова өткен жылы адам өліміне әкелген жол апатына себепші болған еді.