Қостанайда 47 жастағы ер адам бұрынғы әйелін басынан екі рет атып өлтірді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:55
- 48
Қостанайда ер адам аңшылық мылтықтан бұрынғы әйелінің басына екі рет оқ атқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жанжал 17 наурыз күні болған. Алған жарақаттарынан әйел оқиға орнында көз жұмды.
Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, күдікті – 47 жастағы ер адам. Ол Қостанай облысындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының қауіпсіздік қызметінде жұмыс істеген.
Белгілі болғандай, ер адам мен әйелдің арасында бұған дейін де жанжалдар болған. 15 наурызда ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қамауға алынған. Ол қамаудан қылмыс жасалған күні босап шыққан.
Оқиғадан кейін күдікті полицияға өз еркімен келіп, кінәсін мойындаған.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.



