Басты жаңалықтар

Наурызда қазақстандықтарда тағы бір күн демалыс болып жарияланды

Қазақстандықтар үшін 15-наурыз демалыс күні болып белгіленді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай наурыз айында демалыс күндерінің саны артатынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сенатта өткен брифингте журналистер "15 наурыз, 30 тамыздағы Конституция күні сияқты, ресми демалыс күні бола ма?" деп сұрады.

"Халық референдумда қабылдаған жаңа Конституция 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Конституция мәтінінің өзінде референдум өткен күн мемлекеттік мереке, яғни күнтізбедегі "қызыл күн" болып жарияланатыны қарастырылған", - деп түсіндірді ол.

Осылайша, референдумда қабылданған Ата Заң күшіне енгеннен кейін, 15 наурыз Қазақстанда ресми түрде мемлекеттік мереке және демалыс күні болады.