Қоғам

Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды

Сайран көліне құятын Үлкен Алматы өзенінің арнасында интерактивті арт-нысан бой көтерді, деп хабарлайды Kyn.kz.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, жобаға бюджет қаражаты жұмсалмаған. Нысан «Progression CA» ЖШС қаражатына салынды. 

«Композиция әлемде кең резонанс тудырған итті құтқару оқиғасына негізделген. Мүсінде бір-біріне қол ұшын созып, тізбек құра біріктірілген адамдар бейнеленген. Ол өзара көмек пен қолдауды бейнелейді», деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігі. 

Нысан наурыз айының соңында ресми түрде ашылады.