Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алатау қаласында жылдамдығы сағатына 350 шақырымды құрайтын ұшатын такси іске қосылмақ

Алатау қаласында жылдамдығы сағатына 350 шақырымды құрайтын ұшатын такси іске қосылмақ
Сурет: eenergy.media
Алатау қаласында аэротакси іске қосылмақ.

Қазақстанда Алатау қаласының құрылысы аясында ұшатын такси мен квадропорттар іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Вице-премьердің айтуынша, аэротакси Алатау, Алматы және туристік бағыттар арасында қатынайды.

«Алатау, Қонаев және Алматының бірнеше нүктесі, сондай-ақ туристік аймақтар арасында байланыс орнататын квадропорттар салынады. Турист әуежайға келіп, одан Медеуге, кейін тау кластерінің кез келген нүктесіне ұша алады. Аэротаксилердің жылдамдығы сағатына 300–350 шақырымды құрайды, ал жол уақыты небәрі 10–15 минут болады», – деді Бозымбаев.

Вице-премьер бұл бағытта әлемдік жетекші компаниялармен келіссөздер жүргізіліп, келісімдерге қол қойылғанын атап өтті.

«АҚШ-тағы компания – осы саланың көшбасшыларының бірі. Оларда аэротакси қызметіне 15 жылға дейін кезек бар. Сонымен қатар AutoFlight компаниясымен де жұмыс жүргізілуде. Бұл – электрлі аэротакси мен жүк дрондарын әзірлеудегі жаһандық көшбасшылар», – деп толықтырды ол.

Болашақта туристік ағын жылына шамамен 8 миллион адамға жетуі мүмкін екенін айтты.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар