Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мұнай бағасының өсуі Қазақстанда жалақының көтерілуіне әсер ете ме?

Мұнай бағасының өсуі Қазақстанда жалақының көтерілуіне әсер ете ме?
Сурет: digitalbusiness.kz
Қазіргі таңда мұнай-газ компанияларының табысы айтарлықтай артқан.

Парламент кулуарында Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Канат Бозумбаев әлемдегі ахуалдың елдегі жалақыға қалай әсер ететіні туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, қазіргі таңда мұнай-газ компанияларының табысы айтарлықтай артқан.

«Біз Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият бақылап отырмыз. Егер қақтығыс реттелсе, мұнай бағасы тез төмендеуі мүмкін. Ал қосымша табыс түссе, ол бюджетке бағытталады. Компаниялар да көбірек табыс тауып, жалақыны өсіруі ықтимал. Сондай-ақ бюджетке түсетін салықтар артып, соның негізінде жалақыны индексациялау туралы шешім қабылдануы мүмкін», – деді Қанат Бозымбаев.

Айта кетейік, Таяу Шығыстағы қақтығыс мұнай бағасына және әлемдік отын жеткізіліміне елеулі әсер етуде. Наурыз айының ортасында қара алтынның бағасы барреліне 100 доллардан асты.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар