Қазақстандық дәрігер ұшақта толғағы қысқан жүкті әйел мен оның сәбиін аман алып қалды
Томирис Тоныкөк
Астана-Орал бағытының ұшақ бортында дәрігер жүкті әйел мен оның сәбиін аман алып қалды.
Астана-Орал бағытында ұшақ бортында қазақстандық дәрігер жүкті әйел мен оның сәбиін аман алып қалды. Жазуынша, ұшу кезінде әйелдің толғағы басталған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы хирург Таубай Байжекенов Threads желісінде жазды.
“Кеше Астана-Орал рейсінде ерекше жағдай болды. Ұшу кезінде жүкті әйелдің толғағы басталып, шұғыл түрде алғашқы медициналық көмек көрсетуге тура келді. Дәрігер ретінде мұндай сәттерде сабыр сақтап, барлық білім мен тәжірибені дұрыс қолдану өте маңызды. Дүниеге ұл бала келді. Алла қаласа, ол өсіп, алғашқы қадамдарын жасап, өмірде өз жолын табады. Барлығы сәтті аяқталды. Осындай сәттер менің мамандығымның қаншалықты жауапты әрі маңызды екенін еске салады”, – деп жазды ол.
Абырой болғанда жүктіліктің 27 аптасындағы әйел ұшақта босанбаған, жедел жәрдем бригадасына тапсырылған.
“Әйел ұшақ бортында толғатқан жоқ, толғақ тоқтап қалды. Әйел жүктіліктің 27 аптасында екен. Оның қосымша сырқаты бар еді, оның үстіне қан кетті. Сондықтан ұшақ шұғыл қонды. Әйел жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Кейін оның ұл бала босанғаны белгілі болды”, – деп дәрігер пікірлерде хабарлады.