Қоғам

Иранда 19 жастағы жас балуан дарға асылды

Иранда 19 жастағы жас балуан өлім жазасына кесілді.

Иранда еркін күрес құрамасының мүшесі, 19 жастағы Салех Мохаммдиді көпшілік алдында дарға асты деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

19 наурыз күні Иранда үш ер адам өлім жазасына кесілді. Олар елдегі наразылықтар кезінде екі полиция қызметкерін өлтірді деп айыпталған. Құқық қорғау ұйымдары бұл адамдардың әділ сотсыз жазаланғанын және мойындауларды азаптау арқылы алғанын мәлімдеді.

Тергеу нұсқасы бойынша, олар тек кісі өлтіруге ғана емес, сондай-ақ Израиль мен АҚШ мүддесіне қызмет еткен "жедел әрекеттерге" қатысы бар деп танылған.

Айта кетейік, Салех Мохаммади 2024 жылы Красноярск қаласында өткен үш дүркін Олимпиада чемпионы Бувайсар Сайтиевтің жүлдесіне арналған халықаралық турнирде 71 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алған.