Қоғам

Наурызда мектеп пен балабақшада дастарқан жаюға тыйым салынды

Қазақстанда Наурыз мерекесі қарсаңында мектептер пен балабақшаларда дастарқан жаюға тыйым салынды,-деп хабарлайды Күн.кз.

Елімізде балалардың денсаулығын қорғау мақсатында білім беру ұйымдарында Ұлыстың ұлы күнінде дәстүрлі тағамдар әкеліп дастарқан жаюға рұқсат берілмейді. Балабақша мен мектептерде тек мәдени-танымдық іс-шаралар, ұлттық киім мен спорт, салт-дәстүр сабақтары ұйымдастырылуға мүмкіндік бар, деп хабарлайды 31 арна.

Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Асхат Қанатовтың айтуынша, сырттан әкелінген тағамдардың сапасы мен сақталуына толық жауап беру мүмкін болмағандықтан, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар күшейтілген. Бұл шешім балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу үшін қабылданған.

Осылайша, биылғы наурыз мерекесі мектеп пен балабақшаларда тек білім, мәдениет және дәстүрге бағытталған шаралар форматында өтетін болады.