Президент Түркістанда Наурыз мерекесіне қатысты
Ақорда мәліметінше, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамы өтіп жатқан "Керуен сарай" кешеніне барды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда Наурыз мерекесіне арналған қоғамдық мерекелік шараларға қатысты, деп хабарлайды KYN.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
️Қасым-Жомарт Тоқаевқа қыш және ағаш шеберлерінің жұмыстары, тігін мен зергерлік өнер үлгілері, тері бұйымдары, сондай-ақ сан алуан дәстүріміз бен рухани қазынамызды бейнелеген суретшілердің туындылары көрсетілді
Бұдан бөлек президент ұлттық спорт ойындарын тамашалады.
️Іс-шара барысында қазақ күресі, гір тасын көтеру, қол күресі, асық ату, арқан тарту, жамбы ату, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу және қошқар көтеру сияқты ойындар ұйымдастырылды.
.