Саясат

Путин Тоқаевты және Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады

Ресей президенті екіжақты қарым-қатынас жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады.

Құттықтау хатында ол екіжақты қарым-қатынастың жоғары деңгейін атап өтіп, өзара тиімді, көпқырлы байланыстардың табысты дами беретініне сенім білдірді.

21 наурыз күні Қазақстанның барлық өңірлерінде мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр. Концерттер, театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылған.