Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда алып ағаш көшенің қақ ортасына құлады

Алматыда алып ағаш көшенің қақ ортасына құлады
Фото: Видеодан кадр
Алматыда Минин мен Марков көшелерінің қиылысында күндізгі уақытта үлкен ағаш өздігінен құлап түсті, деп хабарлайды Kyn.kz.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кеше, 22 наурызда болған. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеді. Коммуналдық желілерге зақым келмеген.

Әкімдіктің мәліметінше, бұл ағаш апатты деп танылып, 2026 жылы кесуге жоспарланған тізімге енген. Бұған дейін Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасының тапсырысы бойынша ағаштарды кесу үшін мердігер ұйымды анықтауға конкурс рәсімдері жүргізілген. 

Апатты ағаштың құлауы бойынша Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің 109 қызметіне өтінім жолданған. Бостандық ауданы әкімінің аппаратының тапсырмасы бойынша мердігер ұйым құлаған ағашты жедел түрде тазалады.

Қазіргі уақытта жол және жаяу жүргіншілер аймағы толық тазартылып, қозғалыс қалпына келтірілді. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар