Спорт

Дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға сүйіктісі сөз салды

Әбиба Әбужақынова желіде қуанышты жаңалығымен бөлісті.

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйіктісінің өзіне сөз салғанын жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Спортшы қуанышты жаңалығын әлеуметтік желіде бөлісті.

"Мен "иә" дедім", - деп жазды ол.

Еске салайық, Әбиба Әбужақынова – қазақстандық дзюдошы. 28 жастағы спортшы Будапештте өткен жарыста тарихи күміс жүлдеге қол жеткізгенге дейін, Ташкентте (2022) және Абу-Дабиде (2024) өткен әлем чемпионаттарында екі қола медаль иеленген. Сонымен қатар, оның Азия чемпионаттарынан екі күмісі бар.

2025 жылғы қарашада ол Абу-Дабиде өткен Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды.

2024 жылы Абиба Париж Олимпиадасына қатысқанымен, жүлдеге қол жеткізе алмады. Соған қарамастан, елге оралған соң оған бірнеше автокөлік сыйға тартылды.

Айта кетейік, жанкүйерлер Әбиба Әбужақынованы Париж Олимпиадасындағы Қазақстанның ең сұлу спортшыларының қатарына қосқан.