Қоғам
Сәкен Майғазиевтің жары мен келіні көліктің алдыңғы орнына таласып қалды
- автор kyn.kz
- 25 наурыз, 2026
- 275
"МузАрт" тобының әншісі Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет пен Әдия әлеуметтік желіде қызықты видеолар түсіріп, аккаунттарының қаралымын арттыруды қолға алды, деп хабарлады Kyn.kz.
Жас жұбайлар кезекті түсірілім жұмыстарына аналары - Динара Майғазиеваны қосқан. Кадрдан үйден бірге шыққан ене мен келіннің Әділет тізгіндеген көлікке келгенде алдыңғы орынға таласып қалғанын көруге болады. Себебі екеуінің де қолы бір мезгілде көлік есігінің тұтқасын ұстап үлгерген. Алайда аздаған секундтық үзілістен кейін келін именген қалпы енесіне есік ашып, ішке енуге жағдай жасаған. Осы кезде "Сұлтан Сүлеймен" сериалының саундтрегі қосылып кетеді.
Олардың үшеуі де видеоны әлеуметтік желіге бірге жүктеп, оқырмандарына "Алдына кім отыруы керек еді?!" деген сауал тастаған.
Келесі мақала
Ақтауда бойжеткен бесінші қабаттан секіріп кетті
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Алматыда қаланың Бас жоспарына қатысты экологиялық тыңдаулар өтеді
- авторkyn.kz
- 26 маусым, 2026
Қоғам
Декреттік демалыста отырған алматылық ана лотереядан көлік ұтып алды
- авторkyn.kz
- 26 маусым, 2026




