Қанат Ислам лауазымды қызметке тағайындалды
Белгілі боксшы Қанат Ислам Қазақстан жастар құрамасының үйлестірушісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы мәлімдеді, деп хабарлайды Kyn.kz.
«Әуесқой бокста Қытай командасының сапында Бейжің Олимпиадасының, әлем чемпионатының және Азия Ойындарының қола жүлдегері.
2010 жылдан бастап Қазақстан азаматы. "Астана Арландары" кәсіпқой клубы сапында өнер көрсеткен. Кәсіпқой бокста 30 жекпе жек өткізіп, оның 22-сінде нокаутпен жеңіске жеткен.
Қанат Ислам бұдан былай отандық бокста жастар құрамасының жұмысын үйлестіріп, әлемдік аренадағы нәтижені жақсартуға үлес қоспақ», – деп хабарламада.
Еске сала кетейік, Ислам бірінші орта салмақ дәрежесінде WBA Inter-Continental, WBO NABO, WBO Inter-Continental, WBA Fedelatin және WBA Fedecaribe титулдарының иегері.