Серік Сәпиев бокс федерациясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды
Серік Сәпиев жаңа қызметінде ұлттық құрамалардың нәтижесін жақсартуға, боксты жүйелі түрде дамытуға және Олимпиада ойындарында жоғары жетістіктерге жетуге бағытталған жұмыстармен айналысады, деп хабарлайды Kyn.kz.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметінде жүргенде оны орынбасары Дәурен Есімхан жұмыс орнында соққыға жыққан еді.
Кейін осы жанжалдан соң, екеуі де қызметтен кеткен.