Қоғам

Атыраудағы көпірде екі адамды тоқ соқты

Атырау қаласында орталық көпірде жаңбыр кезінде жас жігіт пен қызды ток соқты, деп хабарлайды Kyn.kz.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға нөсер жауып тұрған кезде, олар көпірден өтіп бара жатқан сәтте болған. Бір мезетте екеуін тоқ ұрып, оқиға орнына жедел қызметтер шақырылған.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Куәгерлердің мәліметінше, олар ауыр жарақат алмаған.

Оқиға салдарынан көпірде кептеліс пайда болды.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.