Баян Алагөзованың экс-күйеуі жас қызбен көзге түсті
Баян Алагөзованың бұрынғы күйеуінің жас қызбен түскен суреті тарады.
Әлеуметтік желілерде танымал продюсер Баян Алагөзованың бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевтың жас қызбен түскен суреті тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
TikTok-та тараған суретке қатысты оқырмандар түрлі пікір қалдырды. Кейбіреулері оған бақыт тілеген. Сондай-ақ, оның қайтадан үйленуі мүмкін екенін болжаған.
Пайдаланушылар қыздың Есентаевтан әлдеқайда жас екенін жазуда. Алайда қазіргі уақытта бұл ақпараттың ресми растамасы жоқ.
Еске салайық, 2016 жылы Бақытбек Есентаев жұбайы Баян Мақсатқызын өлтіруге оқталғаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылған еді. 2022 жылдың жазында ол жазасының бір бөлігін өтеп, шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.