Қазақстандықтар Айдағы ерекше құбылысты тамашалай алады
Шілденің 27-сінен 28-іне қараған түні Күн толықтай Айда тұтылады
Шілденің 27-сінен 28-іне қараған түні еліміздің тұрғындары сирек кездесетін, бірақ өте қызық және өзгеше астрономиялық құбылысты тамашалай алады. Профессор Виктор Тейфельдің айтуынша, осы түні толған Ай өз орбитасында батыстан шығысқа жылжи отырып, Жердің көлеңкесіне кіреді. Былайша айтқанда, Айда толықтай Күн тұтылады: Жер Күн мен Айға түсетін жарықты бірнеше сағатқа жабады. «Біздер - жердегілер үшін Жердің жартылай көлеңкесіне кіретін Ай, алдымен, жәйлап көзден ғайып бола бастайды. Кейін Айдың дискісін планетамыздың қара көлеңкесі біртіндеп жаба бастайды. Бұдан соң Ай толықтай Жердің көлеңкесіне енеді. Ең қызықты құбылыс осы кезде болады. Ай толығымен жоғалып кетпей, қою қызыл немесе қызғылт түске боялып, көрініп тұрады. Бұл түс түрлі тұтылу кезінде әртүрлі болып өзгеруі мүмкін», - деп түсіндірді профессор Тейфель. 27 шілде күні Ай жердің күңгірт көлеңкесіне Астана және Алматы уақыттары бойынша 23 сағат 13 минутта кіре бастайды. Айдың дискісі жер көлеңкесінің шетіне 00 сағат 24 минутта сәйкес келеді. Ай жердің көлеңкесіне 01 сағат 30 минутта толықтай кіреді. Толық тұтылу 03 сағат 13 минутта аяқталады. Ай 04 сағат 19 минутта көлеңкеден шығады. Виктор Тейфель Ай немесе Күн тұтылуының адамдарға еш кері әсері тимейтіндігін атап өтті.