"Заманбектен артық біреуді табамын деп тұрсың ба?": Мақпал Жүнісова екінші рет күйеуге шықпауының себебін айтты
Мақпал Жүнісоваға анасы екінші рет күйеуге шығуына рұқсат бермеген.
Белгілі әнші Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтен кейін не себепеті күйеуге шықпағанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, сөз айтқан кісілер болған. Алайда екінші рет тұрмысқа шығуына анасы қарсы болған.
«10 жылдан кейін анама айттым: "Мама, егер маған бір жақсы адам кездессе, маған күйеуге шық деп айтса, сіз қалай қарайсыз?", - дедім. Көзі шарасынан шығып, түрі бұзылып кетті. "Әй, қарағым, Заманбектен артық біреуді табамын деп тұрсың ба? Мен тірі тұрғанда күйеу туралы айтушы болма" деді. Содан жұмған аузымызды ашқан жоқпыз. Біреу қараса да қараған жоқпыз. Тып-тыныш жүрдік, себебі шешемізден қорқамыз. Алдыңда анаң болса, сен әлі бала сияқтысың дейді. Сол рас екен. Біз соны тыңдаймыз енді", - деді әнші.
Желі қолданушылары Мақпал Жүнісованың тәрбиесіне тәнті болып, оған бақыт тіледі.