Иран бес елдің кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 наурыз, 2026
- 284
Иран Тегеранның достық қарым-қатынастағы елдердің кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің басшысы Аббас Аракчи мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат Ресей, Үндістан, Ирак, Қытай және Пәкістан елдеріне берілген.
“Қарсыластарымызға бұғазды пайдалануға мүмкіндік берудің еш мәні жоқ”, – деп “Аль-Алям” телеарнасы министрдің сөзін келтіреді.
Аббас Аракчидің айтуынша, қарсылас елдердің кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге тыйым салынған. Олар АҚШ пен Израиль.
“Қарсыластар бұғазды басқа мемлекеттердің көмегімен ашуға тырысқанымен, бұл әрекеттерден еш нәтиже шықпады. Бұғаз тек жауласып отырған елдердің кемелері үшін жабық”, – деді ол.
Бұған дейін Bloomberg агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап, Иран мақұлданған тасымалдаушылар үшін бұғаз арқылы өтуді ақылы еткенін жазған.
Айта кетсек, бұған дейін Иран телеарналары елдің барлық талаптары орындалғанға дейін жауға қарсы тұратынын хабарлаған.
Батыс Қазақстан облысында дрон құлады
Ұқсас жаңалықтар
«Әділет» партиясында ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен Іскерлік кеңес құрылды
- авторkyn.kz
- 26 маусым, 2026
Мәжілістің төртінші сессиясының қорытынды жалпы отырысы өтті
- авторТомирис Тоныкөк
- 26 маусым, 2026




