Қоғам

Қостанайда 17 жастағы жасөспірім жоғалып кетті

Қостанайда полиция жоғалып кеткен жасөспірімді іздестіріп жатыр.

Қостанайда 17 жастағы жасөспірім 19 наурыздан бері хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Полиция мәліметінше, Владимир Орелді іздестіру жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Оған полиция қызметкерлерімен қатар ТЖД бөлімшелері, құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдар және еріктілер жұмылдырылған.

Полиция қала тұрғындарын бейжай қалмауға шақырады. Жасөспірімнің жүрген жері туралы қандай да бір мәлімет болса, «102» нөміріне дереу хабарлау сұралады.