Қоғам

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында әйелді көлік қағып өлтірді

Жолдан өтпек болған әйелді көлік қағып кетті.

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында әйелді көлік қағып өлтірді. Жақында үш адам ажал құшқан жол апаты болған еді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 25 наурызда, сағат 22:50 шамасында әл-Фараби даңғылында болған.

"Әл-Фараби көшесімен шығысқа қарай жүріп келе жатқан Mitsubishi Delica жүргізушісі Розыбакиев көшесімен қиылыста солтүстікке қарай жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргінші әйелді қағып кетті. Жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды", - дейді Полиция департаменті өкілдері.

Адам өліміне әкеп соққан апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда Zeekr көлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Үш адам қаза тауып, күдікті күзеттің қарауымен медициналық мекемеде ем қабылдап жатқаны белгілі болды.