Мәдениет

"Қалыңмал 10 млн теңге": Жанболат пен Жазира келін түсірді

Жазира мен Жанболат келініне сырға салып, үйіне алып келді.

Танымал жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира Байырбековтар ұлдарына келін түсірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, өнер иелері келінінің қалыңмалына 10 миллион теңге берген. Сырға салу барысында Жазира Байырбекова көз жасына ерік берген. Құдалыққа басқа да шоу-бизнес өкілдері, соның ішінде әнші Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева қатысқан.

Жұлдызды жұп «МузАРТ» тобының әншісі Кенжебек Жанәбіловпен құда болған. Кадрлардан Кенжебектің құдаларды жылы қарсы алып жатқаны көрінеді.

«Қазақтың салт-дәстүрімен, ұлымызға ақ құсын қондыруға ниет етіп, құдалар болып, ақ келінімізге сырға салуға келдік. Бұл – екі әулеттің табысқан, берекелі бастамасының белгісі. Алла тағала осы қуанышымызды баянды етіп, жас жұбайларға махаббат пен береке нәсіп етсін», – деп жазды Жазира.

Үйлену тойы 27 наурызда өтеді. Әншілер көпшіліктің сұрауы бойынша тойды тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отыр.