Қоғам

Қазақстнда 1 шілдеден бастап несие алу қиындай бастайды

Банктер ендігіде несие алушының ресми табысын есептемек.

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Шілдеден бастап банктер клиенттердің төлем қабілетін қатаң бағаламақ. БЖК азаматтар өз табысының қанша бөлігін несие мен басқа да міндетті төлемге жұмсап жатқанын көрсетеді. Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, жаңа несие алу мүмкіндігі соғұрлым төмендейді.

Банктер несие алушының табысының қанша бөлігі қарыздарды өтеуге кетіп жатқанын және қарызды төлеуге шамасы жетіп-жетпейтінін тексереді.

Банктер несие алушы туралы мынадай деректерге сүйенеді:

  • зейнетақы аударымдары;
  • міндетті медициналық сақтандыру жүйесі.

Адамның тұрақты әрі расталған табысы болса, несие алу мүмкіндігі жоғары болады.

Бұл өзгерістер бірінші кезекте табысы расталмаған азаматтарға әсер етеді. Олардың қатарына мына адамдар кіреді:

  • жалақысын бейресми түрде алатын қызметкерлер;
  • еңбек шартынсыз жұмыс істейтін тұлғалар;
  • тұрақты немесе расталған табысы жоқ азаматтар.

Айта кетейік, Қазақстанда мұндай шектеулер бұрын да болған.