Қоғам

Әнші Абай Бегей сегізінші рет әке атанды

Қазақстандық танымал әнші Абай Бегей отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Kyn.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында сегізінші рет әке атанғанын айтып, көпшілікпен сүйінші сұрады.

«Сүйінші! Алланың қалауымен 8-ші рет әке атанып жатырмын! Дүниеге тәп-тәтті бесінші ханшайымым келді», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары өнер иесін қуанышты жаңалығымен құттықтап, ізгі тілектерін жаудырды.