Әбиба Әбужақынова өзінен бес жас кіші спортшыға тұрмысқа шықты
Дзюдошы Әбиба Әбужақынованың сүйіктісінің кім екені белгілі болды.
Дзюдошы Әбиба Әбужақынованың сырға салу рәсімі өтті. Екі күн бұрын сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасаған болатын, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Спортшы бұл қуанышты жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Сонымен қатар, ол спорттағы жолын жалғастыратынын айтты.
«Тұрмысқа шықсам да, 2028 жылғы Жазғы Олимпиадаға қатысамын. Мен әлі де күресемін», – деп жазды ол.
Айта кетсек, Әбиба зюдошы Ермахан Ануарбековке тұрмысқа шығады. Күйеужігіт Әбибадан бес жас кіші. Қалыңдық 1997 жылғы болса, ол 2002 жылғы. Ермахан– Almaty Junior Asian Cup турнирінің жеңімпазы, Қазақстан чемпионы, дзюдодан спорт шебері және Grand Slam, Grand Prix секілді халықаралық жарыстарға қатысқан.