«Бас жүлде - автокөлік»: Жанболат пен Жазира ұлдарының үйлену тойын дүркіретіп өткізді
Жанболат пен Жазираның ұлдарының үйлену тойында бағалы сыйлықтар ойнатылды.
Күні кеше жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира жалғыз ұлдары Қазбектің үйлену тойын дүркіретіп өткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қалыңдықты ортаға Қарақат Әбілдина мен Бейбіт Сейдуалиева алып шықты. Келіннің бет ашарын Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезхан жүргізді.
Тойдың басты ерекшелігі – бағалы сыйлықтар, ал бас жүлде ретінде – автокөліктің ойнатылуы болды. Темір тұлпарды Қазбектің Жалғас есімді досының жары ұтып алды.
Сәкен Майғазиевтің ұлы әрі Қазбектің досы Әділет жас-жұбайларға Кенияға жолдама және анасының бренді “Динара” шайын сыйлады.