"+30°С дейін ыстық": наурыз айының соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамы
Көктемнің алғашқы айының соңғы күндері ауа райы жылы болады.
«Қазгидромет» РМК наурыз айының соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз, нағыз жылы көктемгі ауа райы болмақ. Тек батыс өңірлерде және оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында кейбір күндері найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін.
«Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде тұман түсуі күтіледі», – делінген синоптиктердің мәліметінде.
Күндізгі ауа температурасы:
- батыста +18…+27°С дейін;
- солтүстікте +10…+17°С дейін;
- орталықта +15…+25°С дейін;
- шығыста +12…+20°С дейін;
- оңтүстікте +23…+30°С дейін;
Ал оңтүстік-батыста температура сәл төмендеп, +13…+20°С шамасында болады.