«Иті сол күні көлігінің алдына тұрып алып, жібермей қойған: адвокат Алматыда жол апатынан қаза тапқан қызға қатысты айтты (ВИДЕО)
Әл-Фараби даңғылында ауыр жол апатынан қаза тапқан марқұм қызды сол күні иті үйден жібергісі келмеген.
21 наурызға қараған түні Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үш адам қаза тапқан жол апаты болған еді. Бұл іс бойынша Мейірман Шекеев жәбірленуші тараптың қорғаушысы болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Адвокат сол күні марқұм болған қызға қатысты тылсым оқиғаны бөлісті.
"Құмар соңғы күні үйден шыққанда, иті бір нәрсені сезгендей көлігінің алдына тұрып алып, жібермей қойған екен. Әрең дегенде ысылып шығып кеткен екен.
Кейін ағасының айтуынша, сол ит қаза болып, бірнеше сағаттан кейін қарындасынан айырылыпты. Бұл оқиға көптің қабырғасын қайыстырған соң, мен бұл іске тегін көмек беруге бел будым. Өйткені бұл бір отбасының емес, қоғамның қайғысы. Құмардың анасының жағдайын көру маған оңай болмады. Құмардың ағасы күдіктіні кешірмеймін, себебі кешірсем ол басқада адамның өмірін қиюы мүмкін ғой дегенді жеткізді. Бұл дұрыс шешім деп ойлаймын, - деп жазды Мейірман Шекеев.
Сондай-ақ, қалған жәбірденушілердің туыстары да келетінін жеткізді.