Қостанайда із-түзсіз жоғалған 17 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды
Қостанайда із-түзсіз жоғалып, іздестірілген 17 жастағы тұрғынның мәйіті табылды.
Қостанай облыстық полиция департаменті 27 наурыз күні жоғалған жасөспірімді іздестіру жұмыстары қалай жүріп жатқанын көрсеткен еді. Полицейлер оның жүрген жерін анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру шарасын жүргізген.
"Жасөспірімнің орналасқан жерін анықтау үшін Жедел басқару орталығының және азаматтық сектордың бейнебақылау камераларының жазбалары зерделенді. Полиция оның болуы мүмкін барлық орынды тексеріп, туыстары, таныстары мен көршілерінен жауап алды. Іздеу жұмыстарына Қостанай гарнизонының және жақын өңірлердің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Сондай-ақ іздестіруге еріктілер мен өзге де қызметтер тартылды", – деп мәлімдеді Қостанай облыстық полиция департаменті.