«Шын ғашықтар қосылмайды»: Меруерт Түсіпбаева 20 жылдан бері бір адамға ғашық екенін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 09:45
- 27
Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева 20 жылдан бері бір адамға ғашық екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Айгүл Асанбердіге берген сұхбатында әңгімеледі. Айтуынша, ғашық адамымен бірге тұрмайды, бірақ өте жақсы қарым-қатынаста.
«Күйеуіммен 24 жыл бұрын ажырастық. Бір ұлым бар. 20 жыл бойы бір адамға ғашықпын, жақсы көремін. Қарым-қатынасымыз өте жақсы әрі жақын. Бірақ біз бөлек тұрамыз. Менің мінезімнен, бәлкім, баршылығымнан да болар. Ол кісімен тек жақсы араласамыз. Баянсыз махаббат. Шын ғашықтар қосылмайды дейді. Бірақ ол кісі болмаса менің біраз лирикалық әндерім өмірге келмейтін еді. Әндерімнің барлығы дерлік махаббат туралы», – деді өнер иесі.
Меруерт Түсіпбаева қайта тұрмысқа шығуға талпынбайтынын және ақылдасатын, сыр бөлісетін адамы бар екенін айтты.




