Қоғам

Адамдарды 200 миллион теңгеге алдаған қазақстандық ерлі-зайыпты таныстарының үйінде жасырынып келген

Жамбыл облысында қазақстандықтарды 200 млн теңгеге алдаған ерлі-зайыпты ұсталды.

Жамбыл облысының аумағында халықаралық іздеуде жүрген 40 жастағы ер адам мен оның 45 жастағы әйелі ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

ІІМ мәліметінше, ерлі-зайыпты адамдардың сеніміне кіріп, түрлі сылтаумен Астана және Семей қалаларының тұрғындарының шамамен 200 миллион теңге көлеміндегі қаражатын алдап алып алған.

Олар ұзақ уақыт бойы іздеуде жүрген. Жедел-іздестіру барысында ерлі-зайыптының Жамбыл облысындағы елді мекендердің бірінде таныстарының үйінде жасырынғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.