Басты жаңалықтар

Ресейдегі жаппай төбелес: үш қазақстандық тергеуде отыр

Ресейдегі төбелестен кейін, үш қазақстандық тергеуге ілінді.

Қазақстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы Усть-Лугадағы вахталық кенттегі жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бас консулдығының мәліметінше, тәртіпсіздіктерден кейін түрлі елдердің 30-дан астам азаматы ұсталған. Алғашқы тергеу шараларынан соң олардың басым бөлігі босатылған.

Бірқатар адамға, оның ішінде Қазақстан азаматтарына да, 10 тәулікке қамау жазасы тағайындалған. Үш азамат әлі де тергеуде отыр.

“ Қазіргі таңда вахталық кенттегі жағдай тұрақты. Оқиғаға қатысы бар екі тарапқа қатысты тергеу жалғасуда. Қазақстандықтардың ішінде зардап шеккен немесе медициналық көмекке мұқтаж тұлғалар жоқ. Барлық ҚР азаматына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, 27 наурызда Ресейдің Ленинград облысында Қазақстан азаматтары жаппай төбелесті. Оқиғадан кейін ондаған адам ұсталған.