Басты жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда балшық фестивалі өтіп жатыр

Порён қаласына фестивальға қатысу үшін жылына жүздеген мың турист келеді.

Порён қаласындағы фестивальды  көруге жыл сайын жүздеген мың саяхатшы келеді. Шара кезінде түрлі ойындар ойнатылып, қызықты жарыстар өткізіледі. Келушілерге арнайы бассейндер мен батпаққа толы алаңдар, сондай-ақ биіктен сырғанауға арналған жолдар құрылған. Жиылған жұрт қалаған жеріне барып, балшықты үстеріне шашып, емін-еркін ойнай алады. Фестивальдың алғашқы мақсаты- шипажайлы қаланың танымдылығын арттырып, балшықпен емдеуді дәріптеу болатын. Бірақ бұл адамдарға ұнағаны сонша- жылына келушілер қатары көбейіп, кішігірім шара үлкен фестивальға ұласып кетті. Жергілікті биліктің сөзінше, былтыр Порен қаласына миллион саяхатшы келген екен.