Назарбаевтың тоқалы Әсел Исабаеваның суреттері көпшілікті тамсандырды
Әсел Исабаеваның жаңа суреттері қазақстандықтарды тәнті етті.
Әлеуметтік желіде Әсел Исабаеваның суреттері көпшілікті тамсандырды. Ол жаңа фотосессиясынан кадрлар жариялаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Суреттерді отандық және шетелдік брендтермен жұмыс істейтін танымал фотограф Мирас Баянов түсірген. Суреттердің театр сахнасында түсірілгенін байқауға болады.
“Мен үшін әрдайым өнерге жақын болу маңызды еді. Әсіресе, оның жалғасы боп жүрген жандардың жанында жүру ерекше мәнге ие. Ғажайып Әсел Исабаева менің көзқарасыммен”, – деп жазған фотограф.
Желі қолданушылары Әсел Исабаеваның образына тамсанып, түрлі пікір қалдырған.
Олар “Әсел, ғажапсыз. Соншалық нәзік, бірақ сондай мықты», “Уау, қандай әдемісіз”, “Керемет”, “Қандай нәзік әрі талғампаз” деп жазған.
Әсел Исабаева – “Astana Ballet” театрының арт-менеджері. Театрдың ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, ол өнер ұжымын құрушылардың бірі әрі хореографиялық бағыттың негізгі тұжырымдамасының авторы.