Қоғам

Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы жол апатына қатысты айтқан блогер ұсталды

Блогер Әл-Фараби даңғылында үш адам қаза тапқан жол-көлік оқиғасына құқық қорғау органдары қызметкерінің қатысы болуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Алматыда танымал қазақстандық заңгер Әділетхан Молдахан ұсталды. Бұл ақпаратты Алматы қалалық полиция департаменті бұл мәліметті растады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айта кетсек, заңгер әлеуметтік желіде видео жариялап, Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үш адам қаза тапқан жол-көлік оқиғасына құқық қорғау органдары қызметкері қатысы болуы мүмкін екенін мәлімдеген.

«Алматы қаласының Полиция департаменті азамат М.-ға қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда», — делінген хабарламада.

Әділетхан Молдахан — азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерге маманданған заңгер. Оның Instagram парақшасына бір миллионнан астам қолданушы жазылған.